КОРПОРАТИВТІК ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІК

Біз әрдайым коммерциялық қызметті жүзеге асыруға жауапкершілікпен қараймыз және бағдарламалар мен іс-шаралар ауқымы арқылы корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік аясында бастамашылық танытамыз.

Marsh компаниясы және Marsh & McLennan Companies тобы ұзақ уақыт бойы біз өз қызметімізді жүзеге асыратын және қызметкерлеріміз тұратын әрі жұмыс істейтін түрлі қауымдастықтарға табысты қызмет көрсетіп, қолдау көрсетуде. Біз әрдайым коммерциялық қызметті жүзеге асыруға жауапкершілікпен қараймыз және бағдарламалар мен іс-шаралар ауқымы арқылы корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік (КӘЖ) аясында «Тәуекел тобындағы адамдар мен қауымдастықтарға көмек көрсету» ұранымен бастамашылық танытамыз.

Біздің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саласындағы бағдарламамыз келесі басты элементтерге негізделеді: қызметкерлердің қайырымдылық және волонтерлік қызметі және табиғатты тиімді пайдалану.

Қызметкерлердің қайырымдылық және волонтерлік қызметі

Marsh компаниясы қайырымдылық және коммерциялық емес ұйымдардың кең өрісін қолдайды. Қайырымдылықты жүзеге асыру үшін саясат пен ұстанымдар жаһандық деңгейде орталықтандырылған түрде белгіленеді, ал өңірлік менеджерлер оларды жергілікті ерекшелікке сәйкес қолданады.

Біз қызметкерлеріміздің жергілікті қоғамдастықтардың игілігіне өз үлестерін қосу бойынша бастамаларын қолдаймыз. Корпоративтік қолдау тәсілдері елдер бойынша өзгешеленеді және әртүрлі формаларда көрінеді, соның ішінде қоғамдық жобаларды іске асыруға жәрдемдесу ретінде ақысы төленетін бір күндік демалыс беру және қызметкер қайырымдылық мақсатында тартатын ақшалай қаражатын компанияның ішінара өтеуі.

Қазіргі уақытта Marsh компаниясы серіктестік туралы жаңа ұсыныстарды қабылдамайтынына назар аударуыңызды сұраймыз. Біздің ұйымға қызығушылық білдіргеніңіз үшін алғыс айтамыз. Marsh компаниясының қайырымдылық бағдарламалары туралы толық ақпарат алу үшін бізге жазыңыз немесе Marsh & McLennan компаниялар тобының сайтында біздің әлемді жақсарту жолдарымыз туралы ұсынылған ақпаратпен танысыңыз.

Табиғатты тиімді пайдалану

Біз коммерциялық қызметті іске асырған кездегі жауапкершілігіміз қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету және оны кейінгі ұрпақ үшін сақтап қалу болып табылатынын түсінеміз. Табиғатты тиімді пайдалану саласындағы біздің ұстанымдарымыз бен бағдарламаларымыз туралы толығырақ ақпарат алу үшін сілтеме арқылы өтіңіз.

Жоғарыда аталғанға қоса, Marsh & McLennan компаниялар тобының барлық қызметкерлері қауымдастықтармен сенімді қарым-қатынастар құру туралы тарауды қамтитын The Greater Good («Баршаның игілігі үшін») атымен белгілі Мінез-құлық кодексін орындауға міндетті.