ӘРТҮРЛІЛІК ЖӘНЕ ЖЕКЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕРДІ ЕСКЕРУ

Marsh компаниясының әрбір қызметкері — бірегей тұлға; біз қызметкерлерімізге құрметпен қараймыз және әртүрлі көзқарастар, пікірлер мен практикалық дағдылардың болуы клиенттерге көрсететін қызметтеріміздің сапасын арттыруға көмектеседі деп сенеміз.

Сонымен қатар компания әр қызметкердің жеке ерекшеліктерін ескеру және мүмкіндіктерін іске асыруды қамтамасыз ету бойынша ойластырылған стратегияны жүзеге асыруда. Осындай стратегия компаниямыз айналысатын қызмет салаларында және барлық деңгейлерде үздік қызметкерлерді тарту, ұстап қалу, дамыту және ынталандыру бойынша негізгі мақсатқа қол жеткізуге ықпал етеді.

Біз күнделікті қызмет барысында Marsh әрбір қызметкерінің жеке ерекшеліктерін ескеру және Топ аясында барлық ұйымдар үшін бірыңғай стратегиялық міндеттерді, үміттер мен мақсаттарды қалыптастыру арқылы олардың әлеуетін іске асыруды қамтамасыз ету қажет екеніне сенімдіміз. Біздің құндылықтарымыз бен ұстанымдарымыз бірегей тұлға ретінде бағаланатын әрбір қызметкерге құрметпен қарау қажеттігіне негізделеді.

Қызметкерлеріміз — біздің ең басты құндылығымыз!

Қызметкерлеріміз көзқарастарының, пікірлері мен практикалық дағдыларының әртүрлі жоспарлығы Marsh компаниясын басқа компаниялардан тиімді ерекшелендіреді және клиенттерге көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға көмектеседі.

Біз компанияның негізгі ұстанымы ретінде әдейі «жеке ерекшеліктерді ескеруді» таңдадық, өйткені әртүрлі идеяларға, жаңа тәжірибе мен білімдерге бейімділік біздің қызметкерлеріміз, клиенттеріміз және ең соңында біздің бизнесіміз үшін пайдасын тигізетініне нық сенеміз.

Біз әр қызметкердің жеке ерекшеліктерін ескеретін, әлемдік деңгейдегі талантты кадрларды дамытуға және өзара сыйластық жағдайын құруға ықпал ететін, барлық қызметкерлер өз үлесін қоса алатынын, жетілдіре алатынын және табысқа жететінін білетін корпоративтік мәдениетті дамытуға қолдау көрсетуді өз борышымыз деп санаймыз.

Әлеуметтік-мәдени алуан түрлілікті қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық кеңес (Diversity & Inclusion Council) Marsh компаниясының Президенті және Бас директоры Джон Дойлдың (John Doyle) басшылығымен компания қызметінің барлық бағыттарына, функционалдық және өңірлік бөлімшелеріне қатысты әртүрлі жоспарлылықты қамтамасыз етуден тұратын компанияның негізгі мақсатына жоғары және тұрақты назар аударуды қамтамасыз етеді. Кеңес әлемдік стандарттарды белгілейді, сондай-ақ өңірлік бөлімшелер мен қызмет бағыттарына өз бастамаларын әзірлеуіне, есептерді дайындауына және нәтижесінде мақсаттарға қол жеткізуіне жәрдемдесу мақсатында олармен ынтымақтастық орнатады.

Marsh компаниясының әртүрлі бөлімшелердің басқарушыларымен бірлесіп әрекет ету шеңберінде Кеңес әр қызметкердің жеке ерекшеліктерін есепке алуға және мүмкіндігін іске асыруды қамтамасыз етуге байланысты компания мақсаттарын төмендегілер арқылы оның қызметінің ұстанымдарына сәйкес құрайды:

  • ұйым аясында осы бағыттағы мақсаттар мен жұмыстарды іске асыруда жәрдем көрсету;
  • Marsh қызметкерлерін қолдау топтарына қатысты жетекшілер және басқару комитетінің мүшелері ретінде қызмет ету;
  • көрсетілген бастамаларға қатысты халықаралық деңгейде кеңес беру органы және жауапты орындаушы рөлін атқару;
  • көрсетілген бастамаларға қатысты бюджет бойынша ұсыныстар беру;
  • көрсетілген бастамаларға байланысты мәселелер бойынша корпоративтік және халықаралық деңгейдегі конференцияларда және басқа да іс-шараларда баяндамашы ретінде сөз сөйлеу;
  • Marsh компаниясындағы әлеуметтік-мәдени алуан түрлілік бойынша тұрақты және ашық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
  • Marsh қызметкерлерін қолдау топтарына олардың іс-шараларына бару және/немесе олардың қызметі үшін қолайлы жағдайлар жасау арқылы көмек көрсету;

Әлемдік деңгейде Кеңес келесі бағыттарда жұмыс істейді:

  • Жетекшілік және жауапкершілік.
  • Дарынды мамандарды тарту, дамыту және ұстап қалу.