АШЫҚТЫҚ ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫ АШУ

Біз клиенттерімізбен бірлесіп іс-әрекет жасаған кезде әрқашан әділдікті ұстанамыз, сондай-ақ олардың мүдделерін өз мүдделерімізден жоғары қоямыз.

Marsh ақпарат ашықтығы мен ақпаратты ашуда көшбасшы болып табылатынын мақтан тұтады. Біз жүргізілетін сақтандыру операцияларындағы рөлдер мен мүдделерімізді, соның ішінде алуымыз мүмкін сыйақы түрін ашуға ұмтыламыз.

Біз, сақтандыру компанияларынан алынатын комиссиялар мен сыйақыны және клиенттерден алынатын сыйақыны қоса алғанда, әртүрлі тәсілдермен сыйақы аламыз. «Марш» компаниясы жергілікті заңнамаға сәйкес төменде көрсетілген бір немесе бірнеше жолмен сыйақы ала алады.

Комиссия: сақтандыру компаниялары «Марш» компаниясына сақтанушы сақтандыру полисі (шарты) бойынша төлеген сыйлықақының пайызы ретінде комиссия төлейді. Комиссия мөлшері түрлі факторлар санына, соның ішінде сатылған сақтандыру өнімінің түрі мен клиент таңдаған сақтандырушыға байланысты ерекшеленуі мүмкін. Комиссия әр мәміледе әр түрлі болуы мүмкін.

Клиенттен алынатын сыйақы: Кейбір клиенттер «Марш» компаниясы көрсететін кейбір қызметтер үшін «Марш» компаниясына сыйақы төлейді.

Сақтандырушыға кеңес бергені үшін сыйақы: «Марш» компаниясы кеңес беру қызметтері, деректерге талдау жасағаны және басқа қызметтері үшін кейбір сақтандырушылардан сыйақы алады. Қызметтер клиенттерге қолжетімді ұсынылатын өнімдерді жақсартуға, сақтандырушыларға жаңа мүмкіндіктерді анықтауда жәрдемдесу және сақтандырушылардың операциялық тиімділігін ұлғайтуға арналған. Қызметтердің көлемі мен ерекшеліктері сақтандырушы мен аймаққа қарай өзгешеленеді.

Шартты комиссия: кейбір сақтандырушылар, бір жыл немесе белгілі бір уақыт кезеңі ішінде орналастырылған сақтандыру шарттары бойынша қойылған мақсаттарға жеткен кезде, «Марш» компаниясына шартты комиссия төлеуі мүмкін. Қойылған мақсаттарға көлем, кіріс, бизнесті сақтап қалу және/немесе белгіленген көлемдерді арттыру кіруі мүмкін. Тапқан шартты комиссия мөлшері жыл немесе өзге кезең ішінде сақтандыру портфеліне қатысы бар факторларға байланысты ерекшеленуі мүмкін. Нәтижесінде кез келген сақтандыру полисіне келетін шартты комиссияның мөлшері орналастыру сәтінде белгілі болмайды.

Әкімшілік және өзге де қызметтер үшін сыйақы: «Марш» компаниясы кейбір сақтандырушылармен белгілі бір кешенді сақтандыру өнімдерін басқарады. «Марш» компаниясы осындай өнімдерді әкімшілендіру үшін жеке сыйақы алады, ол «Марш» тапқан кез келген басқа сыйақыға немесе комиссияға қосымша алынуы мүмкін.

Басқа өтемақылар мен сыйақы: «Марш» компаниясы сақтандырушылар өткізетін маркетингтік іс-шараларға немесе қызметкерлерді дамыту жөніндегі тренингтерге қатыса алады. Кейбір жағдайларда «Марш» компаниясы сақтандырушылардан сақтандыру өнімдерін алға жылжытуға байланысты шығындар үшін өтемақы алады. Заңда рұқсат етілген жағдайда «Марш» компаниясы сыйлықақы жиналатын шоттардағы ақша қаражатына есептелетін пайыздар мен басқа да кірісті табады. Мұндай кірісті сақтандыру сыйлықақысын сақтандырушыларға аударған кезге дейін ұстап қалатын қаржы ұйымдары төлейді.

Сақтандырушылармен құрылатын шарттық қарым-қатынастар

«Марш» компаниясы сақтандырушылармен шарттар жасайды, оларды орындау мақсатында «Марш» оларға қызметтер көрсетіп, сыйақы алады. Мұндай қызметтерге мыналар жатады: сақтандыру кэптивті компанияларын басқару жөніндегі қызметтер, залалдарды әкімшілендіру жөніндегі қызметтер, залалдарды бағдарламалық құрал арқылы әкімшілендіру жөніндегі қызметтер және оларға байланысты қызметтер, бірігу және қосып алу жөніндегі мәмілелер тәуекелдері бойынша сақтандыру бағалауын жүргізу, сақтандырушылардың сақтандыру бағдарламаларына қатысты брокерлік сақтандыру қызметтері. «Марш» сақтандыру операцияларын жеңілдететін сақтандырушылармен жасалатын келісімдердің, оның ішінде кешенді сақтандыру өнімдерін әкімшілендіру жөніндегі келісімдердің және объектілерді сақтандыруды интернет желісін пайдалану арқылы орналастыру туралы шарттардың қатысушысы болып табылады.

«Марш» сақтандырушылармен брокерлік қызметтерді немесе клиенттердің тапсырмасы бойынша орындалатын басқа да қызметтерді көрсету процесінде көмекші болып табылатын әртүрлі шарттарды жүйелі түрде жасап отырады. Осындай шарттарға сақтандыру бағдарламаларын орналастыруға, залалдарды реттеуге және залалдарды төмендету жөніндегі шараларға қатысты құпиялылық туралы келісімдер мен жарияламау туралы келісімдер, жаңа сақтандыру өнімдері мен қызметтерін дамыту мен ашуға және деректерді басқару жүйелері мен деректер базаларына қол жеткізуді және пайдалануды реттейтін лицензиялық келісімдерге қатысты жарияламау туралы келісімдер жатады.

«Марш» компаниясының сыйақысы немесе «Марш» компаниясының сақтандырушылармен құрайтын шарттық қарым-қатынастар туралы толық ақпарат алу үшін бізбен байланысуыңызды сұраймыз.