БІЗДІҢ ҚЫЗМЕТІМІЗ

Біз арнайы кеңес беру және брокерлік қызметтер көрсетеміз, шағымдардан қорғауды қамтамасыз етеміз, клиенттерімізге тәуекелдердің жалпы құнын азайтуға көмектесу мақсатында деректерді, технологияларды және аналитикалық материалдарды тиімді пайдаланамыз.

Marsh компаниясы клиенттердің тәуекелдерін басқару және сақтандыру қажеттіліктерін анықтау үшін кешенді тәсілді қолданады. Клиенттермен жұмыс жөніндегі менеджер тапсырыс берушімен бірлесіп әрекеттесу үшін жауап береді; ол бар өнімдер мен тәуекелдер туралы ақпаратты пайдаланады және талдау, түрлі тәуекелдердің көлемін анықтау және оларды басқаруға көмек көрсету үшін ресурстарды іріктейді.

Клиенттеріміздің стратегиялық және жедел мақсаттарын, сондай-ақ тәуекелдерді басқару жөніндегі мақсаттарын одан әрі іске асыруды қамтамасыз ету үшін компаниямыз арнайы кеңес беру және брокерлік қызметтер көрсетеді, бар болған тәуекелдер мен әлемдік кәсіби стандарттарды ескере отырып, шағымдардан қорғауды қамтамасыз етеді. Қызметкерлеріміз тәуекелдерден кешенді сақтандыру қорғанысын ұсыну және клиенттеріміздің тәуекелдерінің жалпы құнын азайту мақсатында кең тәжірибесі мен клиенттің компаниясы жұмыс істейтін сала ерекшелігі бойынша терең білімдерін пайдаланады.

Marsh 3D

Біз тәуекелдер профилі мен мақсаттарын егжей-тегжейлі түсінуге сүйене отырып, тәуекелдерді басқару саласында шешімдер әзірлейміз. Осындай тәсіл үш тірек ұстанымға негізделеді:

  • Клиенттердің қызметі жөніндегі түсінік негізінде тәуекелдер мен мүмкіндіктерді анықтау; тәуекелге төзімділікті анықтау, көлемін өлшеу және бағалау. Содан кейін біз басқару, азайту немесе қайта бағыттау үшін тәуекелдер тізбесі мен көлемін анықтаймыз.
  • Шешім қабылдау үшін деректер бойынша талдауды пайдалану негізінде нұсқаларды пысықтау. Біз тәуекелдерді басқаруды, оларды барынша азайтуды және қайта бағыттауды жүзеге асыратын жобалық шешімдердің әртүрлі нұсқаларын жасаймыз.

Кешенді құралдарды және тәуекелдерді басқаруға, оларды барынша азайтуға және оларға байланысты шығындарды басқа жаққа бағыттауға көмектесетін шешімдер жасау үшін тәуекелдер саласында оңтайлы түрде іріктелген шешімдерді пайдалану есебінен нәтижелерді ұсыну.

Marsh аналитикалық платформасы

Marsh компаниясының аналитикалық платформасы – кешенді шешім, оның арқасында клиенттеріміз тәуекелдер көлемін бағалай алады және сауатты түрде топтастырылған деректерді, сондай-ақ аналитикалық мәліметтер мен технологияларды пайдалана отырып, оларды қаржыландыруды басқара алады Бұл шешімді іске асыру залалдар туралы ғаламдық деректер базасы (Marsh компаниясы құрған, салада жетекші орын алады), халықаралық мамандар командасы мен түрлі құралдар, сондай-ақ мобильді контентті басқаратын саладағы жалғыз платформа (iMAP) есебінен қамтамасыз етіледі.

Marsh компаниясының аналитикалық платформасы арқасында кейбір клиенттердің табыстылығы шамамен 10 есе көбейеді, ал шығындар үнемділігі 5 %-дан 15 %-ға дейінгі шаманы құрайды. Marsh компаниясының жаһандық аналитикасы туралы толығырақ ақпарат алу үшін мына сілтемемен өтіңіз.