Мансап

Сіз Marsh & McLennan-мен мансапқа қызығушылық танытасыз ба? Қазірден бастап, бүкіл әлем бойынша мансап мүмкіндіктерін зерттеңіз.

Мансап мүмкіндіктерін іздеу

Әлемдегі жетекші сақтандыру брокері және тәуекелдерді басқару жөніндегі кеңесші ретінде Marsh компаниясы клиенттерімізді және ұйымымызды табысты етуге құштарлық танытатын адамдарды іздейді.

Біз клиенттерге әлемдік деңгейде қызмет көрсетудің ең жақсы жолы – өндірісіміздегі үздік дарындарды табу және сақтап қалу екенін түсінеміз. Біздің мақсатымыз – өндірістің ең жақсы нәрселерін магниттей тарту.

Marsh компаниясында жұмыс істеу – клиенттерге әлемнің ең сын-тегеурінді және кешенді тәуекелдерін басқаруға көмектесуге дайын бүкіл әлемдегі түрлі кәсіпқойлар тобына қосылу деген сөз. Біздің бай тарихымыз теңдессіз клиентке қызмет көрсету мәдениетін құрды. Біз клиенттерімізге әлем деңгейінде қызмет көрсету үшін әріптестерімізге әртүрлі оқу және даму бағдарламалары арқылы өсу мүмкіндігін береміз.

Біздің әртүрлілік және инклюзивтік, сонымен қатар корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік, соның ішінде тұрақтылық саласындағы міндеттемелеріміз дұрыс жұмыс істеуге құштарлығымыздың айқын дәлелі. Сонымен қатар Marsh компаниясының қызметкерлері Marsh & McLennan Companies компаниялар тобының басқа қызметкерлерімен серіктестік құрып, компанияның үздік мүмкіндіктерін клиенттеріне ұсынады.

Еншілес компаниялардағы мансаптық мүмкіндіктер

Marsh компаниясы тәуекел, стратегия және адам капиталы салаларында кеңес беріп, шешімдер ұсынатын Marsh & McLennan Companies компаниялар тобының басты жаһандық кәсіби қызмет көрсетуші фирмасы. Нарықтағы жетекші брендтеріміз бен әріптестеріміздің арқасында Marsh & McLennan Companies компаниялар тобы клиенттерге маңызды бизнес мәселелері мен тәуекелдерін анықтауға, жоспарлауға және әрекет етуге көмектеседі.

Marsh & McLennan Companies компаниялар тобы қаржы және салық, заң, адам ресурстары және технология салаларындағы бірқатар кәсіп бойынша мансаптық мүмкіндіктер ұсынады.

Guy Carpenter – бүкіл әлемдегі клиенттерге қайта сақтандыру және тәуекелдерді басқару шешімдерін ұсынатын әлемдік жетекші тәуекелдер мен қайта сақтандыру компаниясы.

Mercer – жаһандық адам ресурстары бойынша кеңес, аутсорсинг және инвестиция қызметтерін көрсетуші.

Oliver Wyman – терең өнеркәсіптік білімді арнайы стратегия, операциялар, тәуекелдерді басқару, ұйымдық трансформация және көшбасшылық қасиеттерді жетілдіру саласындағы тәжірибемен біріктіре білген, сонымен қатар Lippincott және NERA компанияларының көмегімен бренд және экономика мәселелері бойынша кеңес беретін алдыңғы қатардағы жаһандық басқару компаниясы.

 
Лауазымды іздеу және жұмысқа қабылдау туралы өтініш беру

Лайықты лауазымдар тауып, жұмысқа қабылдау туралы өтініш беру үшін лауазымдар дерекқорына кіріңіз.

Сонымен қатар Marsh & McLennan Companies компаниялар тобы – бірдей мүмкіндіктер / тең құқықтар саясатын ұстанатын жұмыс беруші компания және кәсіби біліктілігі бар мүмкіндіктері шектеулі адамдарға және мүгедек ардагерлерге жұмысқа қабылдау туралы өтініш беру процесінде тиісті жағдай жасайды.

Біздің онлайн жүйемізді пайдалануда қиындықтар туындаса, Marsh & McLennan Companies компаниялар тобына жұмысқа тұрғыңыз келген жағдайда, төмендегі балама әдістердің бірін қолданып, бізге хабарласуыңызға болады. Сілтеме ретінде осы мәлімдемені және Marsh & McLennan Companies компаниялар тобының лауазымдар дерекқорындағы лауазым нөмірін көрсетіңіз.

«Марш (сақтандыру брокерлері) ЖШС»

050020, Қазақстан Республикасы,

Алматы қаласы, Митин жележолы, 17, 1 қабат.

Телефон: +7 727 356 00 51
Факс: + 7 727 356 02 55

Отправить письмо

Marsh компаниясының лауазымдар дерекқорындағы лауазымға өтініш беру үшін пайдаланушы аты мен құпиясөз жасауыңыз керек. Егер marsh.com сайтына кірсеңіз, алдымен дерекқорға кіріп, сол пайдаланушы аты мен құпиясөзді пайдаланбағанша, бұл тіркелгі деректері жұмыс істемеуі мүмкін. Егер дерекқорда бұрын тіркелгеніңіз туралы хабарлама шықса, marsh.com сайтында қолданған пайдаланушы атын және/немесе құпиясөзді қалпына келтіру үшін нұсқауларды орындаңыз.