Skip to main content

Энергетика және электр энергетика саласы

Энергетика, электр энергетика, сондай-ақ жаңартылатын энергетика саласындағы компаниялар біздің сарапшылық кеңестеріміздің және тәуекелдерді басқару жөніндегі шешімдеріміздің арқасында тұрақтылықты тиімдірек басқара алады, сондай-ақ өндірістік және қаржылық табыстарға қол жеткізе алады.

Сала қарқынды түрде өзгере бастаған сайын энергетика және электр энергетика компаниялары күрделі проблемаларға және әртүрлі тәуекелдерге тап болады. Энергияға деген сұраныс бүкіл әлемде артып келеді. Сонымен қатар үкіметтер, ұйымдар және қоғамдастықтар көмірқышқыл газының шығарылуын азайту және экологиялық таза энергия көздеріне көшуді жеделдету бойынша міндеттемелер алады. 

Инфрақұрылымның бұзылуы, ауа райы және табиғи апаттар, адам факторы немесе киберқауіптер — осының бәрі электр энергиясының өшуіне немесе оны өндіруде елеулі іркілістерге әкелуі мүмкін. Сонымен қатар саясаттағы немесе нормативтік-құқықтық реттеудегі өзгерістер, сондай-ақ әлеуметтік қысым энергия өндірушілер мен инвесторлар үшін белгісіздік жағдайын тудыруы мүмкін. 

700-ден астам маманнан тұратын «Marsh» жаһандық командасы тәуекелдің жалпы құнын төмендетіп, қаржылық және операциялық аспектілерде бизнесіңізді тұрақты етуге көмектеседі. Біз мақсаттарыңызға сәтті жетуге және тұрақтылықты сақтауға көмектесу үшін сіздерге тәуекелдер мен сақтандыру шешімдері бойынша кеңес беруге дайынбыз.

Жиі қойылатын сұрақтар

Әдетте, энергетика және электр энергетика саласындағы компанияларға континенттік/жағалаулық мүлік, активтер мен инфрақұрылым үшін сақтандыру өтелімі; жұмыстағы тоқтап қалу мен табыстардың жоғалуынан қорғау; жаңа құрылысқа инвестициялар; үшінші тұлғалар алдындағы жауапкершілік және өндірістік жарақаттар үшін өтемақы талап етіледі. Көптеген энергетикалық активтер ашық кеңістікте болғандықтан және табиғи факторларға ұшырауға бейім болғандықтан, ауа райының қолайсыздығынан немесе табиғи апаттардан сақтандыру зор маңызға ие. Энергетикадағы құнды қалыптастырудың бүкіл тізбегін цифрландыру ауқымын ескере отырып, компаниялар өсіп келе жатқан кибертәуекелдерді де бақылауы керек. Сонымен қатар өндіріс орындарының орналасуына байланысты саяси және кредиттік белгісіздіктерді сақтандыру қажет болуы мүмкін. 

Әрбір компания, өндіріс орны және инвестиция бірегей болып табылады және тәуекелдерді түсіну мен мөлшері жағынан бағалаудың, сондай-ақ басқарудың ең жақсы тәсілі — тәуекелдер жөніндегі тәжірибелі кеңесшімен ынтымақтастықта болу.

Энергетика және электр энергетикадағы тәуекелдерді сақтандыру және басқару — арнайы білімді талап ететін күрделі тақырып. Мұнай-газ компаниялары, энергияны өндірушілер, дистрибьюторлар және бөлшек сауда сатушылары, сондай-ақ жаңартылатын энергетика секторының инвесторлары мен операторлары — осылардың барлығы ерекше тәуекелдерге бейім және сақтандыруда әртүрлі қажеттіліктерге ие. Компанияңыздың бизнес-моделін түсінетін, өз идеяларымен бөлісе алатын және сақтандыру мен тәуекелдерді басқару саласындағы ең өзекті салалық үрдістер мен озық тәжірибеге қолжетімділікті қамтамасыз ете алатын тәуекелдерді басқару жөніндегі кеңесшілермен ынтымақтастықты орнату өте маңызды.

Энергетика және электр энергетика жөніндегі кеңесшілерді, тәуекел инженерлерді және брокерлерді қамтитын «Marsh» халықаралық командасы сіздерге бүкіл әлем бойынша сақтандыру нарықтарында келіссөздер жүргізуде көмектесе алады және компанияңыздың қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді мақсаттарына қол жеткізуге ықпал ететін шешімдерді әзірлей алады. 

Әлем экологиялық қауіпсіз болашаққа қарай жылжып келуімен қатар, жаңартылатын энергетикаға салынатын инвестициялар көлемі артып келеді. Алайда, экологиялық тазарақ энергия көздеріне көшу энергия құнын құрудың бүкіл тізбегінің өзгеруіне әкеледі. Жаңартылатын энергетика саласындағы инвесторлар, операторлар және технология әзірлеушілері ұшырайтын тәуекелдер құрылымы жылдам өзгеруді. 

Жаңартылатын энергетика секторында мүдделі тараптар тап болатын негізгі тәуекелдердің қатарына мыналар кіреді:

  • жаңартылатын энергетика объектілерін салу және пайдалану үшін жергілікті билік органдарының саясатын және нормативтік талаптарды түсіну;
  • капиталға қол жеткізуді қамтамасыз ету және барлық мүдделі тараптарға банктер үшін жобалардың тартымдылығын арттыруға мүмкіндік беретін, экономикалық тұрғыдан тиімді сақтандыру бағдарламаларын әзірлеу;
  • құрылыс және пайдалану кезеңдерінде тиісті сақтандыру өтелімін қамтамасыз ету;
  • жаңартылатын энергетиканың активтері мен инфрақұрылымын қолайсыз ауа райы құбылыстары мен табиғи апаттардан қорғау; 
  • жаңа технологиялар мен оларды қолданыстағы желілерге интеграциялау тәсілдерін түсіну;
  • қызмет тоқтатылған жағдайда кірісті жоғалтудан қорғауды қамтамасыз ету. 

«Marsh» компаниясының жаңартылатын энергия көздері бойынша мамандар мен тәуекел инженерлерді қамтитын халықаралық командасы жаңартылатын энергетика саласындағы оқиғалардан хабардар болып, тәуекелдерді басқаруға және ашылатын мүмкіндіктерді пайдалануға көмектеседі.