Skip to main content

Қаржы мекемелері

Қаржы мекемелері әртүрлі тәуекелдерге ұшырауға бейім. «Marsh» компаниясының қаржы мекемелері бойынша мамандары сіздерге бар тәуекелдерді анықтауға және тәуекелдердің болашақ ландшафтын өзгерту үшін шешімдер әзірлеуге көмектеседі.

Әлемдік экономиканың тұрақсыздығы жағдайында қаржы мекемелері тез өзгеретін салада бәсекелестіктің артуына тап болады. Технологиялар қаржылық қызметтер мен өнімдерді ұсынудың дәстүрлі тәртібін өзгертуді жалғастыра беретіндіктен, қаржы мекемелері мәліметтердің жайылып кету қаупі мен кибершабуылдарға тап болады. Жағдайды заңнаманың үнемі өзгертілуі және нормативтік-құқықтық сәйкестікті қамтамасыз етуге шығындардың артуы қиындатып отыр.

Біздің компаниямызда бүкіл әлем бойынша 1100-ден астам маман жұмыс істейді, сонымен қатар біздің қаржы мекемелері саласындағы терең біліміміз бар, бұл бізге дәстүрлі және жаңа тәуекелдерді төмендетуге мүмкіндік беретін шешімдерді қолдану үшін сіздердің бизнестеріңізді жүргізудің өзгеріп жатқан шарттарын қолдауға, талдауға және бағалауға мүмкіндік береді.

Біздің қаржы мекемелерімен жұмыс жүргізетін бөлімшеміз тәуекелдерді басқару және табыстау үшін, киберқауіпсіздік және жеке деректерді заңсыз пайдалану тәуекелдерінен бастап директорлар мен лауазымды тұлғалардың жауапкершілігіне, кәсіби жауапкершілікке, қылмыстарға, жылжымайтын мүлікке, жазатайым оқиғаларға және жұмыс берушілердің жауапкершілігіне байланысты дәстүрлі тәуекелдерге дейін инновациялық шешімдердің кең ассортиментін ұсынады.

Біздің кешенді тәсіліміз саладағы ауқымды жұмыс тәжірибесіне және бірегей деректерге негізделген. Ол ықтимал залалдарды және тәуекелдер деңгейін төмендетудің ең тиімді тәсілдерін анықтауға мүмкіндік береді.

Жиі қойылатын сұрақтар

Қаржы мекемелері — бұл тұтынушылар мен капитал нарықтары немесе қарыз нарықтары арасындағы реттелетін делдалдар. Олар әдетте инвесторлардан компанияларға қарыздар, салымдар мен инвестицияларды (акциялар мен облигацияларды қоса алғанда) беру арқылы ақша беру үшін жауап береді.

Қаржы мекемелері қаржылық кеңестер және/немесе қызметтер ұсынады, оларға банктер, банктік емес қаржы мекемелері, сақтандыру компаниялары және инвестициялық қорлар кіреді.

Кредиттерді сақтандыру борышкерлердің өз шарттық міндеттемелерін орындай алмауы сияқты қаржы мекемелері тап болатын негізгі тәуекелдердің бірін төмендетуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге кредиттік тәуекел ретінде белгілі бұл тәуекелге тұтынушылардың қарыз төлемеуі немесе банктің заңда талап етілетін өтімділік деңгейін сақтай алмауы кіреді.

Кибертәуекелдер қаржы мекемелеріне жиі қауіп төндіреді, өйткені технологиялар саланы үнемі өзгертіп тұрады, ал сақталған деректер мен мәмілелер құпия сипатқа ие болады. Белгілі бір кибершабуылдардан сақтандыру және тәуекелдерді басқарудың тиісті жоспарларының болуы сізге киберқылмыстарға және коммерциялық қызметті тоқтатуға байланысты қауіптерді жақсы талдауға, өлшеуге және басқаруға мүмкіндік береді.

Қаржы мекемелерінің саласы жиі қатаң реттелетіндіктен, құқықтық тәуекелдер мен нормативтік талаптарды сақтауға байланысты тәуекелдер жиі туындайды. Директорлар кеңесін, директорларды және компанияның өзін қызметкерлер тарапынан жасалатын қателіктер мен алаяқтықтан, жалдаудың тиімсіз тәжірибесінен немесе заңнаманы бұзғаны үшін санкциялардан қорғау үшін тиісті қаржылық және кәсіби сақтандырудың болуы қажет.

Қазіргі уақытта қаржы мекемелері келесідей әртүрлі жаңа тәуекелдерге тап болады: пандемия, климаттың өзгеруі, жаңа корпоративтік технологиялар, геосаяси тәуекел және заңның өзгеру тәуекелі. Қаржы мекемелері осы тәуекелдерді анықтау және азайту үшін белсенді жұмыс істеуі, сонымен қатар тұрақтылықты сақтауға ерекше назар аударуы тиіс. Бұл әрекеттер оларға бәсекелестерінен ерекшеленуге мүмкіндік береді.

Бүкіл әлем бойынша 1100-ден астам қаржы кеңесшінің және деректерді талдауға арналған бірінші дәрежелі құралдарының арқасында «Marsh» компаниясы ұйымыңызға осы тәуекелдердің әсерін бағалауға, тәуекелдерді басқару туралы ақпараттандырылған шешімдер қабылдауға және тәуекелдердің жалпы құнын оңтайландыруға көмектесе алады.