Инфрақұрылым

Миллиардтаған долларлық инфрақұрылым дамыту жобаларын сәтті жүзеге асыру активтердің құнын сақтау, капиталды ұтымды пайдалану және тұрақсыздықты азайту мақсатында жобалық және инвестициялық тәуекелдерді сауатты басқаруға байланысты.

Дүниежүзі бойынша тәуекелдер мен сақтандыру жөніндегі 600 маманымыз инвестицияларды және жобалардың ықтимал тәуекелдерін басқару үшін инфрақұрылым саласындағы 25 жылдық жұмыс тәжірибесіне сүйенеді

Дүниежүзі бойынша тәуекелдер мен сақтандыру жөніндегі 600 маманымыз инвестицияларды және жобалардың ықтимал тәуекелдерін басқару үшін инфрақұрылым саласындағы 25 жылдық жұмыс тәжірибесіне сүйенеді.

Инфрақұрылымды дамыту қазіргі дүниежүзілік экономикада маңызды рөл атқарады. Көлік және энергетика секторының кәсіпорындарына, порттарға және терминалдарға қызмет көрсету, жөндеу, ауыстыру жұмыстарын жүргізу және жаңа объектілерді салу үшін елеулі қаржы жұмсау қажет болады. Мемлекеттік сектор жеке меншік кәсіпорындардан жобаларға қаржылық қолдау көрсетулерін күтеді, бұл ретте инфрақұрылымның қызмет ету мерзімінде құрылыс салушылар, мердігерлер, банктер, аудиторлық және заң компаниялары, кеңесшілер т.с.с. көптеген мүдделі тараптар тартылған.

Тәуекелдер бойынша сақтандыру және кеңес беру қызметтерін көрсететін «Марш» компаниясы инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландырудың және онымен байланысты тәуекелдердің қыр-сырын жақсы түсінетін инфрақұрылымның ғаламдық экожүйесінің бөлігі болып табылады. Дүниежүзіндегі, инфрақұрылымдық жобаларға жауапты «Марш» сарапшылары жеке меншік секторы кәсіпорындарының, акция иелерінің, кредиттік және құрылыстық ұйымдардың тәуекел шектері туралы жақсы хабардар. Бірегей мүмкіндіктер бізге инфрақұрылымды дамыту, тәуекелдерді дұрыс бөлу және жобалардың табыстылығын арттыру бойынша бағдарламаларды тұрақты жүзеге асырудың стратегиялары мен шешімдерін ұсынуға мүмкіндік береді.

Біз жобаларды жүзеге асырудың барлық сатысындағы тәуекелдерді есепке аламыз. Жобаның әр сатысында міндеттер мен тәуекелдерді мүдделі тараптар арасында бөлу жағдайы өзгеріп отырады (жобалау, жоспарлау, құрылыс, пайдалану), сондықтан біз клиенттерге пайда болған тәуекелдерді басқаруға көмектесеміз.

Инфрақұрылымдық жобаның әр сатысы үшін тәуекелдерді азайту мен активтерді басқару бойынша тиімді стратегиялар белгіленуі тиіс. Біз практикалық тәсілге және шынайы жағдайларға, соның ішінде тендерге қатысуға, дайындық/құрылыс жұмыстары сатысына, пайдалануға, сондай-ақ жобаларды басқару мүмкіндіктеріне баса назар аударамыз.

Басқа салаларда жұмыс істейтін «Марш» бөлімшелерімен серіктесу арқасында энергетика (көмірсутектік, ядролық және жаңартылатын энергия ресурстары), көлік (жоғары жылдамдықты т/ж қатынасы, әуежайлар, жолдар, көпірлер, туннельдер, порттар және терминалдар), коммуналдық шаруашылық (электр энергиясы, газ, су), өндіру (мұнай және газ, соның ішінде өңдеу, тасымалдау, сақтау) және әлеуметтік инфрақұрылым (ауруханалар, мектептер және қонақүйлер) салаларында жобаларды жүзеге асыру бойынша жеке шешімдерді ұсына аламыз.

Жобалық және қаржылық тәуекелдерді басқару бойынша қызметтеріміз активтердің құнын сақтап қалуға, кіріс көлемін тұрақтандыруға, капиталды тиімдірек пайдалануға және бизнес пен инвестицияларды дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер жасауға көмектеседі.