Кеме қатынасы

Теңіздік кеме қатынасы — айналымы орасан зор ең маңызды сала және онда орын алатын мәселелерді шешу және тәуекелдерді басқару үшін осы саланың ерекшелігін білетін сауатты кеңесшінің көмегі қажет.

Кеме қатынасы саласында 100 жылдан артық жұмыс тәжірибесі бар дүниежүзі бойынша 600 профильдік маман және жалпы мөлшері 3 миллиард АҚШ долларын құрайтын сақтандыру аясы.

Кеме қатынасы саласында 100 жылдан артық жұмыс тәжірибесі бар дүниежүзі бойынша 600 профильдік маман және жалпы мөлшері 3 миллиард АҚШ долларын құрайтын сақтандыру аясы.

Коммерциялық кеме қатынасы саласында жағдайлар үнемі өзгеретін, сулардың мұнай өнімдерімен ластануынан бастап ірі залалдарға дейінгі тұрақсыздық пен тәуекелдер жағдайында күрделі ахуал қалыптасты. Күн сайын миллиондаған АҚШ долларына халықаралық мәмілелер жасалады және дүниежүзілік сауданың 90%-ы кеме қатынасына тиесілі, сондықтан осы салаға тән тәуекелдерді тиімді басқару үшін ерекше тәжірибе мен білім қажет.

Дүниежүзілік сауда әлемнің ең алыс аймақтарын қамтып келе жатқанда, кеме қатынасы саласындағы өнеркәсіптердің өсуіне жаңа мүмкіндіктер ашылуда. Бұл ретте олар жаңа проблемаларға, күтпеген шығындарға және әркез болатын ықтимал ғаламат шығындарға тап болады. Саланың қарқынды дамуы жылдам әрекет етуді және жұмыс тиімділігін арттыруды талап етеді.

«Марш» компаниясының арнайы бөлімшесі кеме қатынасы саласындағы кәсіпорындарға тәуекелдерді басқару, жауапкершілік және сақтандыру мәселелері бойынша кеңес береді. Дүниежүзі бойынша кеме қатынасы жөніндегі 600-ге жуық маман күшімен сақтандыру саласында экономикалық тиімді және көбінесе ерекше шешімдерді ұсынып, шамамен 3 миллиард АҚШ доллары мөлшеріндегі сақтандыру сыйлықақыларының көлемін қамтамасыз ете аламыз. Біз клиенттерге тәуекелдердің профилін анықтауға және сақтандыру нарығында бәсекелесу қабілетін арттыруға көмектесеміз.

Озық талдау және салыстыру деректерін пайдалана отырып, кеме қатынасы саласында тәжірибесі мол «Марш» мамандары ықтимал тәуекелдерді айқындап, оларды сапалы бағалап, қаржылық көрсеткіштеріңізге әсер етпейтін рұқсат етілген максималды тәуекел деңгейін анықтайды. Тәуекелдерді басқарудың инновациялық шешімдерін кеме қатынасы саласының арнайы технологияларын пайдаланып әзірлейміз, ал осы саладағы шағымдармен жұмыс істеу жөніндегі сарапшыларымыз қаражат айналымын сақтау үшін төленетін өтемақы сомаларын арттыруға көмектеседі.

Қызмет көрсеткенде динамикалық және жан-жақты қамту тәсілін ұстанамыз, клиенттерге кеңес береміз, сондай-ақ кемелерді, машиналарды және жабдықты сақтандыру, теңіз тасымалдаушыларының жауапкершіліктері, теңіз жүктерін сақтандыру және залалдарды өтеу сияқты салаларға инновациялық шешімдерді әзірлейміз. Кеме қатынасы жөніндегі «Марш» бөлімшесі тәуекелдердің жалпы құнын барынша азайтуға, өндірістік мәселелер кезінде табыстарды қорғауға және үнемі өсіп келе жатқан дүниежүзілік нарықта бәсекелесу қабілетін сақтауға көмектеседі.