Металлургия және өндіру

Клиенттерге кен өндіру саласы кәсіпорындарының даму келешегі туралы ақылға салынған шешімдер қабылдауға көмектесу үшін ықтимал қауіптерді анықтауға және тәуекелдерді басқару бойынша тиімді әрі пайдалы бағдарламаларды жасауға жәрдемдесеміз.

 
Дүниежүзіндегі ең ірі кен өндіру компанияларының шамамен 70%-ы сақтандыру бағдарламаларын әзірлеу саласында және тәуекелдерді басқару мәселелерінде Marsh компаниясының қызметтерін пайдаланады. Сақтандыру сыйлықақыларының жиынтық көлемі шамамен 122 млрд. АҚШ долларын құрады.

Кен өндіру саласындағы кәсіпорындар көптеген проблемалар мен тәуекелдерге тап болады. Бұлардың қатарында шикізат нарықтарындағы бағалардың құлдырауы, шығындарды басқарумен байланысты қиындықтар, қаржыландыруға қол жеткізудің қиындығы, жергілікті халықпен және реттеушілермен әлеуметтік-экономикалық және экологиялық мәселелер бойынша әрекеттесуден күткен үміттің тым жоғары болуы бар. Инвесторлар өздері бұрын қаражат салған активтер мен жобалардан пайда алу үшін кәсіпорындардан тоқтаусыз жұмысты және капиталды басқарудың тәртібін талап етеді.

Жоғарыда аталған мәселелерге қоса кен өндіру кәсіпорындарына тән мына алуан түрлі тәуекелдерді жатқызуға да болады:

  • өрт салдарынан карьерлік техникадан немесе технологиялық тізбектің негізгі жабдығынан айырылу;
  • өндірістік алаңға энергия жеткізу жүйесіндегі үзіліс;
  • табиғи сипаттағы қауіптер: опырылу, құлау, су басу жағдайлары;
  • өндіріс қалдықтарын сақтауға байланысты экологияға төнетін қауіптер.

Қазақстанның кен өндіру өнеркәсібіне компаниямыз басым көңіл бөледі, сондықтан қазіргі уақытта ең ірі металлургия холдингтерімен, сондай-ақ көпшілігімен ұзақ мерзімді және жемісті қарым-қатынас орнаған Қазақстанның көмір және калий өндіру салаларының ірі ойыншыларымен белсенді түрде бірге жұмыс істеп жүрміз.

Сақтандыру қызметтерінің халықаралық нарығында көшбасшы болып қала беру мен тәуекелдерді басқару бойынша бүкіл дүниежүзінде мойындалған шешімдер мен тәуекелдерді табыстау бағдарламаларын шығару үшін түрлі елдердегі (мысалы, Австралия, Канада, Оңтүстік Африка, Латын Америкасы, АҚШ, т. б.) негізгі кен орындарының күйін үнемі бақылап отырамыз.

Marsh сарапшылары ірі және шағын кәсіпорындарға тәуекелдердің алдын алуға және оларды бұрып жіберуге, сондай-ақ оларды кен өндіру саласындағы жобаларды жүзеге асырудың инвестиция тартудан бастап кенді өндіріп болғанға дейінгі барлық сатыларында басқаруға көмектеседі. Marsh компаниясының тәжірибесі мол және ол клиенттерге тәуекелдерді басқару, сондай-ақ бизнес тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік беретін тәуекелдерді табыстау бойынша сенімді әрі тиімді бағдарламаларды ұсынады.