Аналитика

Нарықтың қарқынды даму жағдайында бизнеске тәуекелдерді басқарудың дәстүрлі әдістері жеткіліксіз болып қалды — олар бір қадам алда болуы тиіс. Аналитика деректерін пайдалану тәуекелдерді талдауға кешенді түрде кірісуге мүмкіндік береді және басқарушылық шешімдерді қабылдауға қажетті ақпаратты қамтамасыз етеді.

 
Талдау құралдарын қолдану қаражатты үнемдеуге және инвестициялардың табыстылығын еселеуге көмектеседі. Marsh Analytics платформасы тәуекелдерге жаңа қырынан қарауға мүмкіндік береді және компанияның өзіне тән ерекшеліктерін ескереді.

Marsh Analytics аналитикалық шешімі кез келген саладағы компанияларға тәуекелдерді сандық тұрғыдан бағалауға, оларды басқаруға, сондай-ақ негізді басқарушылық шешімдер қабылдауға көмектеседі. Marsh дерекқорында салалар бойынша залалдар, бүкіл дүниежүзінде орналастырылған түрлі сақтандыру бағдарламалары мен сыйлықақылар туралы ақпарат бар. Компаниялар дерекқор көмегімен кешенді перспективті жоспарлау, тәуекелдерді қаржыландырудың тиімді схемаларын анықтау және тәуекелдерді төмендету үшін инвестицияларды жоспарлау жұмыстарын орындай алады.

Marsh Analytics Platform (MAP) инновациялық платформасы пайдаланушыларға дерек массивтері мен озық аналитикалық құралдарды пайдалануға мүмкіндік береді. Ол тәуекелдерге жаңа қырынан қарауға мүмкіндік береді және сақтандырылатын және сақтандырылмайтын тәуекелдерді өлшеуге мүмкіндік беріп, мәселенің қаржылық жағын талдағанда компанияның өзіне тән ерекшеліктерін ескереді.

Оған қоса, болашақтағы залалдар мөлшерінің ықтимал өзгерісін ескеретін Marsh Analytics Platform арқасында тәуекелдің экономикалық құнын (ECOR) есептеуге, сонымен қатар залалдар туралы дүниежүзілік деректер кітапханасына кіру рұқсатын алуға болады. Мобильді платформа клиенттерге бизнестің дамуына жаңа мүмкіндіктерді аша отырып, дұрыс бағытта сенімді қозғалуға, стратегиялық басқарушылық шешімдерді қабылдауға, тиімді түрде капиталды салуға мүмкіндік береді.