Жауапкершілікті сақтандыру

Бүгін жауапкершілік тәуекелдерінің сипаты бірнеше жыл бұрын қазіргідей елеулі болмаған қауіптерден тұрады. Тәуекел менеджерлерін бірқатар қиындықтар тудыратын нарықтың құбылмалы сипаты, яғни сот процестері санының, айыппұлдар сомасының, өтемақыларды төлеуге кететін шығындардың артуы алаңдатады.  

Marsh компаниясының 130-дан артық елде өкілдері бар. Біз дүниежүзі бойынша 4000 клиентке сақтандыру бағдарламаларын жасаймыз және жүзеге асырамыз.

Сот процестерінің саны үнемі артып, компаниялар бұрынғыдан да ірі айыппұлдар төлеп, зардап шеккен тұлғаларға өтемақыларды төлеуге кететін шығындар артып келеді. Міне сондықтан түрлі жауапкершіліктерді сақтандыруға деген сұраныс күннен күнге артуда.

Азаматтық жауапкершілікті сақтандыру ұйымыңыздың қызметі, қызметкерлеріңіздің абайсызда істеген әрекеттері, апат, өрт, су басу және басқа да оқиғалар нәтижесінде басқа тұлғаларға, ұйымдарға және қоршаған ортаға залал келген кезде компанияның қаржылық мүддесін қорғайды.

Жауапкершілікті сақтандыру жөніндегі Marsh компаниясының тәжірибелі мамандары клиенттердің мүддесін қорғайды және компаниялардың жеке қажеттіліктерін ескеріп, олардың тәуекелдерді басқару бойынша шешімдерін әзірлеуге көмектеседі. Marsh сарапшылары көптеген талдау түрлерін қолданып, cақтандыру аясын құруға, өтеу шектерінің жарамды өлшемдерін анықтауға, шығындарды үлестіру стратегиясын құруға көмектеседі, бюджеттендіру мен болжау мақсаттарында ақпарат береді.