Skip to main content

Сақтандыру кінәрат-талаптарын реттеу

Залалдардың себептерін анықтау және талдау сақтандыру төлемдеріне байланысты тәуекелдің жалпы құнын басқару және сақтандыру кінәрат-талаптарын басқару стратегиясын жетілдіру үшін шешуші мәнге ие. Компания бизнесін келтірілген шығындардан кейін қалпына келтірген кезде кінәрат-талаптарды тиімді реттеу маңызды рөл атқарады. «Marsh» компаниясы кінәрат-талаптарыңыздың бүкіл өмірлік циклі бойында осыған көмектесе алады.

Табиғи апат, кибершабуыл, өнімді қайтарып алу немесе жарақат алу нәтижесінде кез келген түрдегі кінәрат-талапты ұсыну тәжірибесі қазіргі заманғы қиын жағдайда тіпті ең тәжірибелі тәуекел менеджері немесе компания басшысы үшін шамадан артық міндет болуы ықтимал. 

Кінәрат-талаптарды белсенді басқару және оларды қанағаттандыру компанияны залалдардан кейін қалпына келтіру және оның кірістілігін жақсарту үшін үлкен маңызға ие. Алайда бұл әсіресе ұйымыңызда процесті барлық кезеңдерде басқаруға арналған инфрақұрылым мен ресурстар болмаса, айтарлықтай уақыт алуы мүмкін.

Біз сізге кінәрат-талаптардың шығындарын, салдарын және жиілігін азайтудың оңтайлы тәсілдерін ұсына отырып, залалды сәтті өтеу мақсатында сіздердің атыңыздан әрекет ете отырып, осы процесті жеңілдетуге көмектесе аламыз. 

Егер компанияңызға ірі кешенді кінәрат-талаптарды дайындауда, ұсынуда және шешуде немесе кінәрат-талаптарды реттеу бағдарламасының стратегиясы мен тиімділігін жақсартуда көмек қажет болса, біз негізгі салалық және аналитикалық мәліметтерді қолдана отырып, сіздерге ағымдағы және болашақ залалдар мен тәуекелдерді төмендетуге көмектесетін кінәрат-талаптарды реттеу шешімдерін ұсынамыз.

Жиі қойылатын сұрақтар

Кінәрат-талаптарды басқару қызметі компанияңыздың, сақтандырушының, үшінші тараптың кінәрат-талаптарды басқару маманының және басқа да мүдделі тұлғалардың арасында кінәрат-талаптарды дайындау мен ұсынуды, сондай-ақ олар қанағаттандырылғанға дейін сіздің кінәрат-талаптарыңыз бойынша келіссөздерді бақылайтын белсенді кеңесші ретінде жұмыс істейді.

Кінәрат-талаптарды реттеу процесі күрделене түскен сайын, «Marsh» сияқты қызметтерді жеткізуші компанияңызға кінәрат-талаптардың сенімді ұсынуын дайындауға, реттеу бойынша кеңес беруге және қажетсіз шығындардан аулақ болуға көмектеседі. Сонымен бірге біз кінәрат-талаптарды реттеу стратегияларын, операциялары мен жүйелерін анықтау, талдау және жетілдіру арқылы сақтандыру кінәрат-талаптарын реттеу бағдарламаңыздың жалпы тиімділігін арттыра аламыз. 

Кінәрат-талаптарды басқару қызметімен бірлесе отырып, ұйымыңыз кінәрат-талаптарды тиімді басқара және оларды уақытылы шеше алады. Компанияңыз күтпеген оқиғаның өзінің күнделікті қызметін бұзу ықтималдығын барынша төмендете алады.

Компания киберинцидентке, жұмыскердің жарақатына, ұзақ уақыт тоқтап қалуына немесе төтенше оқиғаға тап болған кезде, алдын ала әрекет ету және жұмысты әдеттегі режимде қайта бастау оның өмір сүруінің қажетті талаптарына айналады. Алайда кінәрат-талаптарды компанияның өз күшімен басқару,әсіресе ұйымыңызда бұл процесті басқару үшін тиісті инфрақұрылым мен ресурстар болмаса, көп уақыт алуы мүмкін. Сонымен қатар кінәрат-талаптарды реттеу бойынша жұмысты жүргізу үшін қажетті қаражат көлемі оқиғаның көлеміне, ауқымына және күрделілігіне байланысты айтарлықтай өзгеруі мүмкін.

Кінәрат-талаптарға байланысты ақпараттың және құпия деректердің үлкен көлеміне қарай көптеген компаниялар құжаттау процесін бақылауда және сол уақытта кінәрат-талаптарды реттеуді басқаруда қиындық көреді. Кінәрат-талаптарды дайындау қызметі компанияңызбен жұмыс істейді, құжаттауға және кінәрат-талаптарды ұсынуға байланысты әкімшілік жүктемені азайтуға тырысып, қажетті ақпарат пен құжаттарды жинау, шығындарды есептеу және кінәрат-талаптарды шешуді тездетудің жолдарын іздеу сияқты мәселелерді шешуге көмектеседі. Нәтижесінде уақытыңыз бен ресурстарыңыз көп еңбекті қажет ететін әкімшілік міндеттерді шешуге емес, оңтайлы бизнес-нәтижелерге қол жеткізуге бағытталатын болады.

Бизнесіңіз жақында шығынға ұшыраған болса және/немесе кінәрат-талаптарды ұсынуға немесе оны қорғауға негіздеріңіз болса, кінәрат-талаптарды басқару қызметін жеткізушімен ынтымақтастық құру туралы ойлануыңыз керек. «Marsh» компаниясы сияқты қызметтерді жеткізуші сіздерге мыналарға байланысты кінәрат-талаптармен көмектесе алады:

  • мүлікке зиян келтіру және қызметтің тоқтатылуы;
  • энергетика, құрылыс, теңіз кеме қатынасы және авиация сияқты күрделі салалар;
  • қаржылық қылмыстар және директорлардың жауапкершілігі;
  • өнімді кері қайтарып алу;
  • кибершабуылдар;
  • қызметкерлердің жарақат алуы және денсаулығы;
  • жеке акционерлік капитал мен кредиттік тәуекелдер;
  • авто/мотоапаттар.

«Marsh» компаниясымен ынтымақтастық сақтандыру төлемі туралы талапқа әкелген кез келген оқиғадан кейін сіздерге әдеттегі жұмысқа жылдам оралуға көмектеседі. 

Кінәрат-талаптарды сәтті шешу процесі белгілі бір оқиғаның сипатына байланысты болғанына қарамастан, компаниялар әдетте мыналарды қажет етеді:

  • кінәрат-талаптың маңыздылығын және оны ұсынудың негізін талдау;
  • жағдайды түзету нұсқаларын анықтау және сонымен бірге нормативтік талаптарға сәйкес келетін барлық тәуекелдерді, сондай-ақ коммерциялық және беделдік тәуекелдерді жою;
  • бүкіл процесс барысында мүдделі тараптармен байланыс орната отырып, кінәрат-талаптарды реттеу процесін қадағалаудың нақты жоспарын жүзеге асыру.

Кінәрат-талаптарды басқару жөніндегі маманмен ынтымақтастық құра отырып, компания басшылары қызметті қалпына келтіру процесін барынша жеделдете алады және кінәрат-талапты дайындау шығындарын да, оның компания қызметіне ықтимал әсерін де азайта алады. 

«Marsh» қызметкерлері күтпеген оқиға қызметкерлеріңізге, өндірістік үдерістерге және жалпы бизнесіңізге теріс әсер етуі мүмкін екенін түсінеді. Сонымен бірге біз өндірістік жарақаттар үшін өтемақы төлеу бойынша өтелмеген талаптарды реттеу туралы сөз болғанда ашықтық, тиімділік және табыстылық қағидаттарын сақтану қажеттілігін түсінеміз. Біздің кінәрат-талаптарды реттеу жөніндегі халықаралық командамыз осындай жағымсыз жағдайларды шешу үшін сіздермен бірге жұмыс істейді және кінәрат-талаптарыңызды тиімді шешу бойынша ұсыныстар береді.

Біздің кеңесшіміз сізбен бірге компанияңыздағы осал салаларды анықтау үшін жұмыс істейді, кінәрат-талаптарды дайындау барысында және келесі кезеңдерде көмек көрсетеді:

  • озық тәжірибені енгізу арқылы шығындарды өтеуге арналған шығыстар құнын төмендету мәселелері бойынша кеңестер беру;
  • біржолғы өтемақы төлеу, төрелік және сот талқылаулары аясында кінәрат-талаптарға бухгалтерлік сүйемелдеуді қамтамасыз ету;
  • себептердің негізділігін анықтау үшін кінәрат-талап ұсынуды кейінге қалдыра отырып, сақтандыру өтелімі аясында қойылған талаптарды бағалау.

Міндеттемелер бойынша кешенді залалдарды талдап, кінәрат-талаптар мен тәуекелдерді басқарудың ағымдағы процестеріне аудит жүргізе отырып, кеңесші сақтандырушылармен тиімді қарым-қатынас орнатуға және тәуекелдерді төмендету жоспарларын, кінәрат-талаптарды басқару хаттамаларын және реттеу стратегияларын ұсына отырып, болашақты жұмыссыз тұрып қалу мен шығындардың салдарын азайтуға көмектеседі.

Сақтандыру адвокаты сізге сақтандырушылармен кінәрат-талапты қараған кезде жақсы нәтижеге қол жеткізуге көмектеседі:

  • жылдам және әділ шешімге қол жеткізу үшін сіздің атыңыздан белсенді әрекет етеді;
  • кінәрат-талаптың мәртебесі туралы нақты және уақытылы ақпарат береді;
  • күрделі жағдайларда сақтандырушылармен қарым-қатынасыңызға ықпал етеді.

Кейбір сақтандыру жағдайларына тәуекелдерді басқарудың кешенді стратегиясы арқылы жол бермеуге болатынына қарамастан, олар бәрібір орын алады. 

Сақтандыру кінәрат-талаптарын реттеу жөніндегі халықаралық мамандарымыздың командасы сізбен бірге кінәрат-талаптарды рәсімдеу, басқару және реттеу процесін жеңілдету үшін жұмыс істейтін болады. Нарық туралы білімімізді және деректерге негізделген тәсілімізді біріктіре отырып, біз кінәрат-талаптарыңызға қатысты оңтайлы нәтижелерге қол жеткізуге көмектесетін айқын реттеу стратегиясын әзірлейміз.