КИБЕР ТӘУЕКЕЛДЕР

Технологиялар үлкен мүмкіндіктерді ашады, бірақ бизнес, сала мен жалпы мемлекет осалдығының жаңа өрісі бола отырып, қосымша тәуекелдерге де себеп болады.  

Marsh сарапшылары 1000-нан астам компанияның кибер тәуекелдерін бағалап, оларға арнап сенімді сақтандыру қорғанысын құрып қойды.

2017 жылдың ең ірі үш кибер шабуылы ауқымы мен компаниялардың операциялық қызметіне, экономикасына, капиталына және беделіне келтірген залалы жағынан рекорд жасап, кибер қару банк және интернет технология саласында ғана қолданылады деген қате пікірді жоққа шығарды.

Сауда мен қызмет көрсету салаларын айтпағанда, дәстүрлі өнеркәсіптік, өндірістік салалар кибер оқиғалар мен мақсатты шабуылдардан жиі шығынға ұшырайды. Деректер мен ақпараттық құралдардың құпиялығы, біртұтастығы және қолжетімділігі қауіпсіздік пен бизнес үздіксіздігінің негізгі факторлары болып табылады.

Қызметтің тоқтауы, мүліктің зақымдануы, үшінші тұлғаларға зиян келтіру және қосымша шығындардың пайда болуы — шығындарын кибер тәуекелдерден сақтандыру полисімен толтыруға болатын жағдайлар.

Marsh сарапшылары түрлі саладағы компанияларға төмендегідей көмектеседі:

  • тәуекелдерді түсіну, оларды жүзеге асырудан болатын шығындарды есептеу;
  • залалдарды барынша азайту және басқару шараларын әзірлеу;
  • лайықты сақтандыру қорғанысын алу (кибер сақтандыру полисі).

Marsh компаниясының кибер тәуекелдерден сақтандыру және оларды басқару жөніндегі тиімді шешімдері компанияларға дамуға және ақылға салынған шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.