Skip to main content

Қызметкерлерге арналған сақтандыру жеңілдікте

Біліктілігі жоғары кадрларды тарту бәсекелестігінің тұрақты түрде артуы жағдайында, компанияларға жұмыс берушінің тартымдылығы мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін тиімді шешімдерді үнемі табу қажет болады.

Mercer Marsh Benefits —клиенттерге денсаулық саласында, персоналды, жеңілдіктерді, бенефиттерді және қызметкерлердің зейнетақылық бағдарламаларын сақтандыру саласында қолдау көрсету үшін екі дүниежүзілік көшбасшының, яғни Mercer және Marsh компанияларының тәжірибесі мен мүмкіндіктерінің бір ғаламдық командаға біріккен түрі. Mercer Marsh Benefits мамандары әлемнің 150-ге жуық елінде кеңес беру және брокерлік қызметтерді көрсетеді және 20 жылдан астам уақыт бойы ресейлік нарықтағы клиенттердің мүддесін қорғап келеді.

Осы саладағы ауқымды жұмыс тәжірибесінің арқасында Mercer Marsh Benefits клиенттерге персоналды сақтандыруға кететін шығындарды оңтайландыруға, қызметкерлердің адалдығын арттыруға және олардың үлес қосуларын жоғарылатуға көмектесетін, қызметкерлерге жеңілдіктер берудің кешенді тәсілін ұсына алады. Қызметкерлердің қанағаттану деңгейін талдау және нарықтың үздік тәжірибесі (benchmarking) негізінде Mercer Marsh Benefits мамандары әр клиентке арнап персоналды сақтандырудың тиімді және нақты бағдарламаларын әзірлейді.

Mercer Marsh Benefits трансұлттық корпорациялармен қатар шағын бизнестің кішігірім кәсіпорындарына да арнап шешімдер әзірлейді. Жан-жақты тәжірибеміз ең жақсы құралдарды таңдап, оларды ұйым көлеміне және қызмет ету аясына қарамастан түрлі компаниялардың және олардың қызметкерлерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін пайдалануға мүмкіндік береді.