Skip to main content

Экологиялық тәуекелдер

Қоршаған ортаны қорғау және сақтау қоғам, үкімет және корпорациялар үшін басты міндетке айналды. Қолданылатын реттеушілік бақылауды және әлеуметтік жауапкершілікке қатысты талаптарды ескере отырып, компаниялар міндетті түрде экологиялық тәуекелдерді анықтауды және оларды басқаруды қамтамасыз етуі тиіс. Біздің экологиялық тәуекелдер жөніндегі үздік мамандарымыз сіздерге осы міндетті орындауға көмектеседі.

Қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету саласында қазіргі заманғы компаниялар реттеуші органдардың, инвесторлардың, мүдделі іскерлік топтардың және жұртшылықтың өсіп келе жатқан қысымымен бетпе-бет кездеседі. 

Экологиялық тәуекелдердің кең ауқымы корпоративтік қызметке байланысты. Қоғам корпорацияларды өзінің операциялық қызметінің нәтижесінде қоршаған ортаға әсер етуден аулақ болуға ғана емес, сондай-ақ жаңа ластауыштардың пайда болуы, заңнамадағы өзгерістер, өнім сапасы үшін жауапкершілік, сондай-ақ қоршаған ортаның өзгеруі, соның ішінде жиілеп кеткен қатал ауа райы құбылыстарын қоса алғанда, туындайтын проблемаларды шешуге шақырады. 

Жағдайды трансұлттық компаниялар бүкіл әлем бойынша сақтауға міндетті болатын көптеген нормативтік талаптар қиындатады. Қоршаған ортаны қорғау бойынша саясаттар елге байланысты айтарлықтай өзгеше болуы мүмкін, бұл нормативтік-құқықтық талаптарды сақтауды қиындатады. Бұл әсіресе қоршаған ортаға зиян келтіру үшін жауапкершілік өте маңызды болып саналатын аймақтарда, соның ішінде Еуропалық одақта да өзекті мәселе болып саналады. Оқиғалар немесе тиісті түрде бақыламау қауымдастықтар мен компания қызметкерлері үшін, сондай-ақ оның беделі мен пайдасы үшін жойқын салдарға әкелуі мүмкін.

Жобалау, консалтинг, андеррайтинг және тәуекелдерді басқару саласындағы жұмыс тәжірибесінің арқасында «Marsh» компаниясының экологиялық тәуекелдер жөніндегі мамандары сіздің компанияңызға экологиялық заңнамаға байланысты тәуекелдердің салдарын, сондай-ақ олардың мүдделі тараптардың күткеніне әсерін бағалауға көмектеседі. Сонымен қатар біз сіздерге өздеріңіздің бизнес мақсатыңызға жетуге көңіл бөлулеріңіз үшін тәуекелдерді басқару бойынша тиісті шешімдерді әзірлеуге көмектесе аламыз.

Жалпы жиі қойылатын сұрақтар

Көптеген компаниялар экологиялық тәуекелдерді жою және азайту үшін мақсатты күш салуда. Қажетті бақылауды қамтамасыз ету көптеген трансұлттық компаниялардың алдында тұрған негізгі күрделі міндеттердің бірі болып келеді. Бақылау шаралары мен қоршаған ортаны қорғау стандарттарын енгізу проблемалар туғызбауы мүмкін екеніне қарамастан, жергілікті және өңірлік қызметкерлердің немесе мердігерлердің саясаттарды, сондай-ақ жергілікті және өңірлік деңгейде қолданылатын талаптарды сақтауына мұқият мониторингті жүзеге асыру жиі белгілі бір қиындықтарға байланысты. 

Сонымен қатар белгілі бір оқиғаларды, атап айтқанда, жарылыстар, химиялық заттардың ағып кетуі, мұнаймен ластану және басқа да оқиғалар сияқты өндірістегі экологиялық апаттарды болжау қиын. Өкінішке орай, мұндай оқиғалар тәуекелдерге жол бермеу және азайту жөніндегі сенімді жоспар болған кезде де орын алуы мүмкін. Мысалы, тәуекелдерді басқару барлық басқа қатынастарда жүзеге асырылатын өнеркәсіптік кәсіпорын химиялық заттардың ағып кетуіне немесе жарылысқа әкелетін ауа райының немесе жер сілкінісінің салдарынан зардап шегуі мүмкін. Мұндай жағдайларда компания төтенше жағдайларға ден қоюдың егжей-тегжейлі жоспарының болуына және экологиялық тәуекелдер саласындағы сенімді консультанттарды қолдауға мүдделі.

Көптеген басқа тәуекелдер сияқты, қоршаған ортаға байланысты бизнес-тәуекелдерді басқарудың негізгі әдісі – алдын алу. Компанияңыздың ұшырауға бейім тәуекелдерін ішкі және сыртқы мүдделі тұлғаларды, сондай-ақ экологиялық тәуекелдер жөніндегі сенімді жаһандық кеңесшілерді тарта отырып, анықтау және жою маңызды. 

Компанияңызбен бірлесіп жұмыс істейтін мүдделі тараптар бизнесіңізге тән экологиялық тәуекелдердің қыр-сырын жақсы білуі мүмкін, сыртқы тәуекелдер бойынша кеңесшілердің қосымша салалық білімдері және тәуекелдерге жол бермеу және азайту стратегиялары туралы құнды ақпараты болады. Экологиялық тәуекелдерді басқарудың кешенді жоспарын жасау үшін көбінесе ұжымдық тәсіл қажет.

Қауіпті экологиялық оқиғалар көбінесе күтпеген жерден пайда болатындықтан, біз дағдарыстық жағдайларды басқарудың сенімді стратегиясын енгізуді ұсынамыз. Экологиялық тәуекелдер жөніндегі кеңесшілер қажет болған жағдайда компанияңыздың басшылығымен, заң бөлімімен немесе жұртшылықпен байланысу бөлімімен ынтымақтаса отырып, сіздерге көмектеседі.

Экологиялық тәуекелдерді талдау және саясаттар аудиті қолданыстағы стандарттар аясында белгілі бір қызмет түрлерінің экологияға нақты немесе ықтимал әсерін бағалауға бағытталған. Экологиялық тәуекелдерді талдау және саясат аудитінің мақсаты – сіздерге қажетті сақтандыру туралы толық ақпарат беру үшін объективті мәліметтер жинау негізінде күнделікті іскери операцияларға байланысты тәуекелдерді анықтау және зерттеу. Сонымен қатар бұл ақпарат компанияңыздың басшылығына алдын алу шараларын қабылдауға мүмкіндік бере отырып, бар факторлар негізінде ықтимал тәуекелдерді бағалауға көмектеседі. 

Соңғы жылдары экологиялық тәуекелдерді талдау және саясаттар аудиті қызметтерінің танымалдығы артып келеді, өйткені компаниялар жауапкершілік пен экологиялық бақылаудың жоғары стандарттарын ұстануы керек. Экологиялық тәуекелдерді талдау және саясаттар аудиті нәтижесінде алынған ақпарат тәуекелдерді басқарудың құнды құралы ретінде, сондай-ақ құжаттық із жасау үшін пайдаланылуы мүмкін. Сонымен қатар ол мүдделі тараптардың сенім деңгейін арттырып және компанияңыздың миссиясын қоғамдық пікірмен келісушілігін қамтамасыз ете отырып, клиенттеріңізге және саланың реттеуші органдарына компанияңыздың экологиялық жағдайға мониторинг жүргізуге белсенді қатысуға дайындығын көрсетуге мүмкіндік береді. 

Ақырында, экологиялық тәуекелдерді талдау және саясаттар аудиті сақтандыру жағдайы туындаған кезде, компанияңызды қалпына келтіру мүмкіндігін барынша арттыруға көмектеседі.