Оң жақтағы кестеде Marsh веб-сайттары орнатқан негізгі cookie файлдарының тізімі берілген. Cookie файлдарымызды өзгертуіміз немесе жаңартуымыз мүмкін екенін ескеріңіз. Бұл тізім кез келген уақытта жаңартылуы мүмкін.
Функциялары әртүрлі cookie файлдары бар:
Сеанстық cookie файлдары: Бұлар веб сеансы барысында ғана компьютеріңізге сақталады. Олар браузерді жапқанда автоматты түрде жойылады. Олар әдетте әр бетке тіркелуді қажет етпей, веб-сайтты шолуға мүмкіндік беретін анонимді сеанс идентификаторын сақтайды. Олар компьютеріңізден ешқандай ақпаратты жинамайды.
Тұрақты cookie файлдары: Тұрақты cookie файлы компьютеріңізде файл ретінде сақталып, веб-браузерді жапқаннан кейін де жойылмайды. Жасаған веб-сайтқа қайта кіргенде, сол веб-сайт cookie файлын оқи алады.
Бірінші тарап cookie файлдары: Осы cookie файлының функциясы – осы веб-сайттың иесі болып табылатын ұйым үшін белгілі бір веб-сайттағы параметрлеріңізді сақтау. Олар сақталып, Marsh серверлері мен компьютеріңіздің қатты дискісі арасында жіберіледі. Олар тек сіз орнатқандай жекелендіру үшін пайдаланылады. Бұл cookie файлдары сеанстық немесе тұрақты болуы мүмкін.
Үшінші тарап cookie файлдары: Осы cookie файлының функциясы – осы веб-сайттың иесі болып табылмайтын ұйым үшін сіз бен белгілі бір веб-сайт арасында өзара қатынасты сақтау. Олар сақталып, үшінші тарап сервері мен компьютеріңіздің қатты дискісі арасында жіберіледі. Бұл cookie файлдары әдетте тұрақты болады.
Сайттарымызда осы cookie ескертпесінде сипатталғаннан басқа үшінші тарап cookie файлдарын пайдаланбаймыз, бірақ үшінші тарап ұсынған веб-шамшырақтарды пайдаланамыз. Бұл сайт веб-шамшырақтарды (соның ішінде үшінші тараптар ұсынған немесе берген веб-шамшырақтарды) жеке немесе пайдаланушылардың сайтты пайдалануы туралы ақпаратты жинау және Marsh компаниясының электрондық поштасымен өзара әрекет ету үшін cookie файлдарымен бірге пайдалануы мүмкін. Веб-шамшырақтар – веб-шамшырақпен байланысқан белгілі бір сайтты және веб-шамшырақпен байланысқан сайттың сипаттамасын қарағанда cookie файлдары сияқты компьютеріңіздегі белгілі ақпарат түрлерін тани алатын анық электрондық кескіндер. Біз веб-шамшырақтарды пайдаланып, сайттарды және электрондық поштамен жасалатын қарым-қатынасты пайдаланамыз және жақсартамыз. Сізге Marsh компаниясы және қызметтеріміз туралы ақпарат беру үшін веб-шамшырақтардың ақпаратын клиенттеріміз туралы өзге де ақпаратпен үйлестіріп пайдалана аламыз. Бұл талдауды анонимді түрде жүргіземіз.
Бұл сайт Google, Inc. («Google») ұсынатын веб-аналитика қызметі Google Analytics-ті пайдаланады. Google Analytics қызметі cookie файлдарын пайдаланып, веб-сайтқа пайдаланушылардың сайтты пайдалану жолын талдауға көмектеседі. Веб-сайтты пайдалануыңыз туралы cookie файлы жинаған ақпаратты (соның ішінде IP мекенжайыңызды) Google жүйесі АҚШ-тағы серверлерге жіберіп, сонда сақтайды. Google бұл ақпаратты веб-сайтты пайдалануыңызды бағалау, веб-сайт қызметі туралы есептерді жасау, сондай-ақ веб-сайт қызметіне және Marsh компаниясы мен оның еншілес компанияларының интернетті пайдалануына байланысты басқа да қызметтерді ұсыну мақсатында пайдаланады. Заң бойынша талап етілген немесе үшінші тараптар ақпаратты Google атынан өңдейтін жағдайда, Google осындай үшінші тараптарға ақпаратты беруі мүмкін. Google IP мекенжайыңызды Google жүйесінде сақталған кез келген басқа дерекпен байланыстырмайды. Сіз браузеріңізден тиісті параметрлерді таңдап, cookie файлдарын пайдаланудан бас тарта аласыз, алайда олай жасағанда, веб-сайттың барлық функцияларын пайдалана алмауыңыз мүмкін екенін ескеріңіз. Осы веб-сайтты пайдалану арқылы Google сіз туралы деректерді жоғарыда берілген тәртіппен және мақсаттарда өңдейтініне келісесіз.
Біздің сайттарымызға кіргенде, Marsh интернет протокол («IP») мекенжайларын жинап, жеке деректерге жатпайтын ақпаратты қадағалайды және жинақтайды. Мысалы, Marsh компаниясы IP мекенжайларды пайдаланып, сайттарға кіретін пайдаланушылардың өңірлерін қадағалайды. IP мекенжайлары жеке басыңызды IP мекенжайы арқылы анықтауға болмайтындай жолмен сақталады.
Біз cookie файлдарын төмендегі мақсаттарда пайдаланамыз:
Аса қажет: Бұл cookie файлдары сайтты шарлау үшін және сайттың қауіпсіз аймақтарына өту сияқты мүмкіндіктерді пайдалана алуыңыз үшін қажет. Бұл cookie файлдарынсыз баға ұсыныстарын алу немесе тіркелгіңізге кіру сияқты сұраған қызметтеріңіз берілмейді. Бұл cookie файлдары маркетинг үшін немесе кірген интернет парақшаларды жадта сақтау үшін пайдаланылуы мүмкін сіз туралы ақпаратты жинамайды.
Тиімділік: Бұл cookie файлдары кірушілердің сайтты пайдалануы туралы, мысалы, кірушілер жиі қарайтын парақшалар және олардың веб-парақшалардан қате туралы хабарлар алатын-алмайтыны туралы ақпаратты жинайды. Сонымен қатар олар бізге сайтқа кірушілер санын тіркеуге және есептеуге мүмкіндік береді, осылардың барлығы кірушілердің сайтты пайдалану жолдарын көрсетіп, сайтымыздың жұмыс істеу жолын жақсартуға көмектеседі. Бұл cookie файлдары жинайтын барлық ақпарат анонимді болғандықтан және сайтымыздың жұмысын жақсарту үшін пайдаланылатындықтан, бұл cookie файлдары тұлғаның жеке басын анықтайтын ақпаратты жинамайды.
Функционалдық: Бұл cookie файлдары сайтымызға сіз жасаған таңдауларды (пайдаланушы атын, тілін немесе орналасқан өңірін) жадта сақтап, көптеген мүмкіндіктерді ұсынуға көмектеседі. Мысалы, сайт жүйеге кіру деректеріңізді жадта сақтай алады, сондықтан белгілі бір құрылғыны пайдаланғанда, сайтымызға кіру үшін тіркелгіңізге кіру деректерін қайта енгізу қажет болмайды. Бұл cookie файлдарын мәтін өлшеміне, қаріпке және веб-парақшаның сіз баптай алатын басқа да бөліктеріне жасаған өзгертулеріңізді жадта сақтау үшін де пайдалануға болады. Сонымен қатар олар видеоларды қарау немесе мақалаға пікір жазу сияқты сіз сұраған қызметтерді ұсыну үшін де пайдаланылуы мүмкін. Осы cookie файлдары жинайтын ақпарат әдетте анонимді болып табылады. Олар жарнама үшін немесе кірген интернет парақшаларды жадта сақтау үшін пайдаланылуы мүмкін сіз туралы ешбір ақпаратты жинамайды.
Cookie файлдарының барлық санаттары туралы ақпаратты және сookie файлдары туралы жалпы ақпаратты aboutcookies.org сайтынан қараңыз.