ХАЛЫҚАРАЛЫҚ НАРЫҚТАРҒА ОРНАЛАСТЫРУ

Су тасқынынан бастап лаңкестік актілерге дейінгі алуан түрлі тәуекелдер бар, бірақ Marsh компаниясының арнайы бөлімшесі сақтандыру бағдарламаларын халықаралық нарыққа орналастыруға көмектесе алады.

 
Marsh компаниясы дүниежүзі бойынша 2100 клиентке қызмет көрсетеді, оның 11 кеңсесі, 300 сақтандыру брокері бар, сақтандыру сыйлықақысы 2,7 миллиард АҚШ долларын құрайды.

Дүниежүзілік экономика күнде дамып, салдарынан күрделі мәселелер мен жаңа тәуекелдер пайда болады. Ең ірі орналастыруларда энергияны жеткізу саласындағы сақтандырушылар мен сақтандыру сатып алушылары арасында нарықтың көлеміне қатысты ұсыныстар мен сұраныстар динамикасын өз пайдаңызға өзгертуді ойластырып жүрсіз бе? Шартқа тезірек отырғыңыз келе ме?


Bowring Marsh — халықаралық нарықтарға сақтандыруды орналастырумен айналысатын Marsh компаниясының арнайы бөлімшесі, ол ықтимал жоғары шығындардан қорғау үшін бейімделген кешенді сақтандыру аясы мен инновациялық шешімдерді қолданады және өзінің ғаламдық орналастыру желісі арқылы тәуекелдерді табыстау шешімдерін, салыстырмалы анализ бен шағымдардан қорғау қызметтерін ұсына алады. Ол тұтынушылық тәуекелдерді қалыптастырады, сақтандырушыларға ақпараттың, техникалық және салалық білімнің жоғары сапасын қамтамасыз етеді, ғаламдық желіге ие бола отырып, келіссөздер жүргізеді.


Клиенттермен тығыз жұмыс істеу арқасында бар болған коммерциялық тәуекелдерді және тәуекелге деген ұшырағыштықты ескеріп, халықаралық нарықтарға сақтандыруды орналастырудың жеке нұсқаларын ұсына аламыз. Саладағы проблемаларды егжей-тегжейлі біле отырып, халықаралық сақтандырушылардың қатысуымен сақтандыру бағдарламаларын жаңартып, бейімдеп, әзірлеп, орналастыра аламыз.


Сақтандыру секторының барлық ірі халықаралық орталықтарында жұмыс істейтін 300 сақтандыру брокерлерінен тұратын командамыздың бағалы қағаздармен істеу бойынша мол тәжірибесі бар және ол клиенттеріміздің тәуекелдері туралы толық хабардар, сонымен қатар басшылықпен жеке келіссөздер жүргізу мүмкіндігі бар, бұл сақтандыру компаниясын және халықаралық нарық секторын таңдау туралы дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Бұл мүлікке, қайғылы оқиғаларға, лаңкестікке, энергетика мен коммуналдық қызметтерге, кен шығаруға және медициналық-биологиялық ғылымдарға қатысты.


Біріккен Корольдікте, Ирландияда, Құрлықтық Еуропада, Азияда, Орта Шығыста, Латын Америкасында, Америка Құрама Штаттарында және Бермуд аралдарында компанияның 11 кеңсесі орналасқан. Біз халықаралық және ішкі сақтандырушылар арасында бәсекелестікті қалыптастыра отырып және тәуекелдерді шектей отырып, баға белгілеу процесін және сақтандыру қорғанысын басқарамыз. Бізге сіздің табиғи апаттарға бейім стратегиялық тұрғыдан маңызды сақтандыру қызметтерінің сатып алушысы болу-болмауыңыз, сақтандыру аясын елеулі мүліктік зиян және/немесе компанияңыздың қызметі сипатының салдарынан үшінші тұлғаларға қатысты жауапкершілік жағдайы үшін сатып алу-алмауыңыз немесе бұрын коллизия қалыптастыратын талаптарға тап болу-болмауыңыз маңызды емес.