Ғаламдық сақтандыру бағдарламалар

Дүниежүзі бойынша тәуекелдерді басқару, шешімдерді жүзеге асыру және сақтандыру бағдарламаларын басқару үшін жаһандық деңгей, тәртіпке келтірілген процесс және тыңғылықты қызмет қажет.

More than 400 offices in more than 100 countries, serving more than 20,000 multinationals and their subsidiaries.

Халықаралық саудада жұмыс істегенде әрқайсысының өз қағидалары мен жолдары бар көптеген регламенттермен және сақтандыру нарықтарымен істес болуға тура келеді. Түрлі ұйғарымдар мен жергілікті стандарттар жекеменшікке/жазатайым оқиғаға, саясатқа, сауда кредиттеріне байланысты, сонымен қатар арнайы тәуекелдері бар халықаралық компаниялар жұмысын қиындатады.

Marsh компаниясы бірнеше нарықтағы жұмысқа байланысты тәуекелдерді реттеуде жаһандық көрегендікке, тәртіпке қойылған процеске және халықаралық ұйымдарға қолдау көрсетуде мол тәжірибеге ие. Біз сізге бүкіл сұрақтар ауқымын, соның ішінде пайда болатын тәуекелдерді, жергілікті нарық ерекшеліктерін, сондай-ақ халықаралық және аймақаралық сақтандыру шешімдеріне әсер ететін басқа да элементтерді түсінуге көмектесу үшін халықаралық мүмкіндіктерді береміз. Біздің сақтандыру, нормативтік реттеу және салық салу жөніндегі консалтингтік бөлімшеміз туындайтын проблемаларды клиенттеріміз болжауы және хабардар болып, іскерлік шешімдер қабылдауы үшін аймақтық нормативтік және салық мәселелері туралы өзекті және уақытылы мәліметтерді береді.

Marsh сақтандырудың мемлекет аралық бағдарламалардың әсерін көрсетіп, жаһандық деңгейде тәуекелдерді басқаруға көмектесетін бірнеше сақтандыру аясы бар стратегияны жүзеге асыру бойынша кеңестер бере алады.

Жетістікке жетуіміздің кілті — тәртіпке қойылған процесс пен Marsh компаниясының мұқият қызмет көрсетуі. «Жол қағидаларымыз» пайдаланылған тиімді орталықтандырылған тәсіл арқасында ортақ дүниежүзілік желіміз тіпті әлемнің шалғай өңірлерінде халықаралық және жергілікті саясаттармен біртекті және жаңғыртылатын жұмысты қамтамасыз етеді.

Marsh компаниясы бір, екі, жиырма немесе одан да көп елде жұмыс істейтініңізге қарамастан төмендегілерді орындауға көмектесе алады:

  • Туындайтын қиындықтарға жылдам әрекет ету және олардан сүрінбей өту.
  • Жергілікті үкіметтің қағидалары мен нормаларын білу.
  • Хабардар болып, шешімдер қабылдау және құнның, сақтандыру аясының практикалық аспектілерін таразылау және нормаларды сақтау.
  • Бағдарламаңызды басқару және оның құнын оңтайландыру.
     
Кеңес беру қызметтері

Халықаралық компанияларға қызмет көрсету жөніндегі Marsh кеңесшілері клиенттеріміз бен әріптестерімізге төмендегілер бойынша көмектеседі:

  • Жаһандық тәуекелдер мен сақтандыру мәселелері бойынша хабардар болу.
  • Бірнеше сақтандыру аясы бар жаһандық сақтандыру шешімдерін бергенде, дүниежүзіндегі клиенттерге қызмет көрсететін кеңселерімізге бағыт-бағдар беру.

Өнімдеріңіздің қатары, соның ішінде халықаралық жауапкершілік, мүліктік, қаржылық және кәсіби, сондай-ақ теңіздік тәуекелдер бойынша жаһандық бағдарламаларды басқаруға көмектесетін ортақ байланыс буынын ұсынамыз. Кәсіпқой мамандарымыз бірнеше тілде сөйлейді. Мамандарымыздың көпшілігі шет елде тұрып жұмыс істеген, соның арқасында олар жергілікті іскерлік ортаны, дәстүрді, нормалар мен шарттарды тез қабылдайды.

 

Тиімді тәсіл

Marsh компаниясының халықаралық компанияларға қызмет көрсету жөніндегі мамандары стандартты операциялық процестерді пайдаланып, кешенді жаһандық бағдарламаларды басқарады. Қызмет көрсетуге деген осындай нақты белгіленген және тиімді тәсіл арқылы клиенттермен жұмыс істеу жөніндегі тобымыз бен салалар бойынша сарапшыларымыз бизнесіңіздің жаһандық деңгейде болу ерекшеліктеріне өздерінің арнайы білімдерін қолданады.


Жаһандық бағдарламаларыңыз туралы ақпаратты уақытында және дәл береміз және тәуекелдерді басқару жөніндегі стратегияңызды бірыңғай жүзеге асыруға көмектесеміз. Бұның сіз үшін артықшылығы — түрлі бизнес бағыттарын, салаларды және түрлі елдерді қамтитын кең және жақсы хабардар желі қолдау көрсететін жалғыз жауапкершілік буынымен жұмыс істеу.
 

Жаһандық желі

Marsh компаниясының 100-ден астам елде 400-ден артық кеңсесі бар және осы біріктірілген жаһандық желінің артықшылығы төмендегілерді қамтиды:

  • Бүкіл халықаралық желімізде орнатылған және сенімді қарым-қатынас.
  • Негізгі бағдарламалар бойынша басқарылатын полистермен және тәуелсіз жергілікті сақтандыру шарттарымен жұмыс істеу тәжірибесі бар жергілікті кәсіпқой мамандар.
  • Дүниежүзі бойынша тыңғылықты қызмет көрсету.

Жергілікті нарық пен регламенттер бойынша ақпарат пен мүмкіндіктер, сонымен қатар мәдени нормаларды, ерекшеліктерді және жеке қарым-қатынастарды құрметтеу.

Сақтандыру регламенттері мен салықтар бойынша кеңес беру

Регламент және салықтық нормаларды сақтау халықаралық компаниялардың тәуекелдерін басқару жөніндегі жоғарғы басшылық пен менеджерлер үшін аса маңызды аспектіге айналды. Көбі Marsh компаниясының сақтандыру регламенттері мен салықтар жөніндегі бөлімше қызметіне жүгінеді.


Халықаралық және жергілікті сақтандыру және салықтық қағидалар туралы терең түсінігіміз бен білімімізді ұсынамыз. Біздің жергілікті сарапшылар желісі шамамен 70 ел бойынша сақтандыру және салық салу нормаларының өзгеруі туралы мәліметтердің жедел жаңартылып отыруын қамтамасыз етеді. Олар сізге қолдау көрсете алады және сақтандыруыңыздың сыйлықақыларына қатысты нормативтік және салықтық тәуекелдерге қажетті ақпаратты, сонымен қатар дүниежүзі бойынша тәуекелдерді қаржыландырудың балама бағдарламаларын бере алады.